- Жаңалықтар
- ХАБАРЛАНДЫРУ
- Қазақстан республикасының рәміздері
- Нормативтік базасы
- Жалпы ақпарат
- Ресми хроника
- Мәслихат хатшысы
- Депутаттық қызмет
- Мәслихат комиссиялары
- Мәслихат аппараты
- Саран қаласының Құрметті азаматтары
- Сурет галереясы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер
- Сенім телефондары
- Өзіңнен баста
- Құқық бұзушылықты болдырмау
- Қоғамдық кенес
- Азаматтық бюджет
- БЖЗҚ
Мәслихат хатшысының өмірбаяны
Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы, 1959 жылы 29-қаңтарда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Арқалық совхозында, жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1976 жылы Арқалық орта мектебін бітірген. 1983 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушы-экономисі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1976 жылы Егіндібұлақ ауданы, Айрық совхозында тракторшы болып бастаған. 1982 -1993 жылдар аралығында Егіндібұлақ ауданында бухгалтер болып, кейін экономист, шаруашылық бөлімі бойынша директордың орынбасары, совхоздың бас экономисі қызметтерін атқарған. 1993- 2000 жылдар аралығында Егіндібұлақ ауданы, «Едрей» к/х – экономист - бас бухгалтері. 2000 жылғы қыркүйек айынан 2018 жылғы наурызға дейін мемлекеттік қызметте болған. 2003 жылдан 2018 жылғы наурыз айына дейін «Саран қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқарған.
2018 жылы 29-наурызда Саран қалалық мәслихатының 6 шақырылымының хатшысы болып сайланды.
Үйленген, ұлы, екі қызы бар. Саран қаласында 2000 жылдан тұрады. 2004 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы медалімен марапатталған.