- Жаңалықтар
- ХАБАРЛАНДЫРУ
- Қазақстан республикасының рәміздері
- Нормативтік базасы
- Жалпы ақпарат
- Ресми хроника
- Мәслихат хатшысы
- Депутаттық қызмет
- Мәслихат комиссиялары
- Мәслихат аппараты
- Саран қаласының Құрметті азаматтары
- Сурет галереясы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер
- Сенім телефондары
- Өзіңнен баста
- Құқық бұзушылықты болдырмау
- Қоғамдық кенес
- Азаматтық бюджет
- БЖЗҚ
Баекенов Болат Абдрахманұлы
- Басты
- Саран қаласының Құрметті азаматтары
- Саран қаласының Құрметті азаматтары
- Баекенов Болат Абдрахманұлы
Мен, Болат Абдрахманұлы Баекенов 1942 жылы 21-қараша күні Атырау қаласында, әскери қызметкер отбасында дүниеге келдім. Әкем-Баекенов Абдрахман НКВД органдарында қызмет етті, анам – Баекенова (Арсланова) Фатима үй шаруасында болды. Ата-анам қайтыс болған. Бірге туғандарым: (Баекенова) Еркебаева Софья Абдрахманқызы -1935- жылғы Қарағанды қаласында, Баекенов Марат Абдрахманұлы -1938- жылғы Алматы қаласында, Баекенов Мәлік Абдрахманұлы -1950 - жылғы Шымкент қаласында тұрады.
1960 жылы Орал ауыл және орман шаруашылықтарын механизациялау техникумын аяқтап, Қарағанды облысына жолдамамен келдім. Еңбек жолым Саран қалалық комитетіне қарасты, ДОСААФ автомото клубының бастығы қызметімен басталды. 1961 жылдың ақпан айында Көмір өндірісі басқармасының Саран автобазасында автомеханик болдым, жүргізушілерді дайындау курсына сабақ бердім.
1961 жылы қараша айында Кеңестік Армия қатарына алындым, әскери қызметім Алматы қаласында 51809 ә/б өтті.
1962 жылғы желтоқан айында әскерден оралып, Саран автобазасында автомеханик жұмысыма қайта келдім.
1964 жылы желтоқан айында қалалық білім бөлімінің оқу-өндірістік шеберханаларның меңгерушісі болып тағайындалдым.
1966 жылдың мамыр айында комсомол жұмысына ауыстым, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі,
1967 жылдың мамыр айынан бастап Саран қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болдым.
1971 жылғы тамыз айында партия жұмысына ауыстым, Саран қалалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болдым, кейін Қарағанды облыстық комсомол комитетінің екінші хатшысы қызметіне сайландым. 1973 жылы Қазақстан компартиясы ОК шешімімен КСРО МҚК жоғарғы мектебіне оқуға жіберілдім, 1975 жылы оны аяқтаған соң, Қарағанды облысы бойынша МҚК Басқармасының тергеу бөлімі бастығының орынбасары, 1977 жылы – Қарағанды облыстық партия комитетінің әкімшілік органдары бөлімінің меңгерушісі, 1980 жылы - Қазақстан компартиясы ОК шешімімен Алматы облысы бойынша Қазақ КСО МҚК басқармасы бастығының орынбасары қызметіне тағайындалдым. 1982 жылы КСРО МҚК Орталық аппаратына инспекторлық басқармаға ауыстым.
1985 жылы Көкшетау облысына Қазақ КСО МҚК басқармасының бастығы болып тағайындалдым.
1986 жылы Қазақ КСО МҚК төрағасының орынбасары қызметінде 4 жыл еңбек еттім, 1990 жылы сәуір айында Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қазақ КСО МҚК бастығы болдым.
Партия, комсомол жұмыстарында жүргенде облыстық, қалалық депутаттар кеңесіне, облыстық партия комитетінің мүшелігіне сайландым.
1991 жылы қазан айында ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан МҚК төрағасы болдым, ал 1992 жылы шілде айында Қазақстан МҚК төрағасы болдым. 1993 жылы желтоқсан айында ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болдым, 1994 жылы қазан айында Қазақстан ішкі істер министрі қызметін атқардым. 1995 жылы отставкға бердім, «Сауран» ЖШС президенті болып сайландым. 1997 жылы ақпан – наурыз айларында халықаралық күзет фирмасы бас директорының бас орынбасары болдым.
1997 жылы 20 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Президентінің күзет қызметіне бастық болып тағайындадым, әскери қызметке қайта шақырылдым. Әскери атағым – генерал –лейтенант. 2001 жылы 4 мамырда жұмыстан босату туралы рапорт бердім.
Шет елдерде бірнеше рет болдым, қызметтік іссапарлармен 20 –дан астам елдерде болдым.
Үкіметтік наградаларым: 9 медаль , «Құрмет» ордені.
Үйленгем. Әйелім –Баекенова Тамара Васильевна 1939 жылғы - зейнеткер, қыздарым – Баекенова Индира 1964 жылғы, Турабаева Илона 1967 жылғы – тұрмыста, Алматыда тұрады. Қолымда асырап алған немере қызым бар. Баекенова Әсел – 1985 жылғы, «Мирас» ОМ 11 сыныбын бітірді, бүгінгі күні Швейцарияда халықаралық университетте оқиды. Өзім отбасыммен Алматы қаласында тұрамын.