- Жаңалықтар
- ХАБАРЛАНДЫРУ
- Қазақстан республикасының рәміздері
- Нормативтік базасы
- Жалпы ақпарат
- Ресми хроника
- Мәслихат хатшысы
- Депутаттық қызмет
- Мәслихат комиссиялары
- Мәслихат аппараты
- Саран қаласының Құрметті азаматтары
- Сурет галереясы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер
- Сенім телефондары
- Өзіңнен баста
- Құқық бұзушылықты болдырмау
- Қоғамдық кенес
- Азаматтық бюджет
- БЖЗҚ
Нормативтік құқықтық актілер
Саран қалалық мәслихатының 2017 жылғы 8 маусымдағы 12 сессиясының «2017-2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Саран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы 9 сессиясының № 97 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 135 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылы 26 маусым № 4288 болып тіркелген, «Саран газеті» газетінде 2017 жылы 30 маусымда № 43 жарияланған
10 Шілде 2017 15:32Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2017 - 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Саран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы 9 сессиясының № 97 шешіміне (нормативтік - құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4069 болып тіркелген, «Саран газеті» газетінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 52 санында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкісінде 2017 жылы 12 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2017 - 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет сәйкесінше 1, 2, 3, қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға арналған бюджет 1 - қосымшаға сәйкес, келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4 918 661 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері бойынша– 1 097 154 мың теңге;
салықсыз түсімдер бойынша – 99 187 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша – 32 478 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 3 689 842 мың теңге;
2) шығындар – 4 929 664 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу– 0 мың теңге: бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалған операциялар бойынша сальдо – 10 000 мың теңге:
қаржы активтерін сату – 10 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – минус 21 003 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 21 003 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарызды өтеу – 76 112 мың теңге;
бюджеттік қаржының пайдаланылатын қалдықтары – 97 115 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Мамирова
Мәслихат хатшысы Р. Бекбанов
Дата редактирования: 08 Қараша 2018 14:29