Қазақша Русский English
Бірінші бетте
Байланыс ақпараты
Сайт картасы

Сұрақ

6 шақырылым депутаттардың қызметіне көңіліңіз тоя ма?

  • иә, толығымен
  • шамамен
  • толық емес
  • қанағаттанбаймын
ПнВтСрЧтПтСбВс

Қала жаңалықтары

 

Қала жаңалықтары

10 Қазан 2018
Құрметті Саран қаласының және Ақтас кентінің тұрғындары!

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына сәйкес ниет білдірген әр Қазақстан Республикасы азаматтының Ішкі істер бөлімдерінің тәртіп сақшыларымен қатар қоғамдық тәртіпті қорғауға қатыса алатын құқығы бар.
Қазіргі таңда Саран қаласының әкімдігі мен Саран қаласының ішкі істер бөлімінде қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысуға ниет білдіріп, полицияның қоғамдық көмекшілері ретінде тіркелген 11 азамат бар.
Құрметті Саран қаласының және Ақтас кентінің тұрғындары, егер Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға ниет білдірген болсаңыздар, ол келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
- қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға ниет білдірген азамат ішкі істер органына өтініш береді, оған Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің не паспортының көшірмесін қоса береді. Азамат көрсетілген құжаттарға өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлігінің көшірмесін қоса беруге құқылы. Азаматтың өтінішінде ол қатысуға ниет білдірген қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласы және тиісті әкімшілік полиция бөлімшесінің атауы көрсетіледі;
- ішкі істер органы өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде азаматты наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексереді, одан кейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті қолдаухат беріп, оған ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қоса тіркейді, не қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша түрде бас тартады;
- кәмелетке толмаған азаматтардың және өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, сондай-ақ наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын не соттың шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуына жол берілмейді.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың жеке қатысуы келесі сипатта жүзеге асырылады:
- дайындалып жатқаны, жасалып жатқаны немесе жасалған құқық бұзушылықтардың өздеріне мәлім болған фактілері туралы, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы хабарлауда;
- учаскелік полиция инспекторларының және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшелердің профилактикалық есебіне алынуы тиіс адамдарды анықтауға, олармен ішкі істер органының аталған қызметтері қызметкерлерінің тікелей қатысуымен жеке профилактикалық жұмысты жүргізуге;
- кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалуын ескертуге;
- жол қозғалысы ережесін насихаттауға;
- құқықтық білімдерді насихаттауға;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын тіркеу және құжаттандыру ережесін бекіту туралы» халықты тіркеу және профилактикалық бұзудың ережесі;
- құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді, сондай-ақ құрамында есірткісі бар жабайы өсімдіктерді заңсыз өсіру мен жинау фактілерін анықтауға;
- спирттік ішімдіктерді ішуге, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды пайдалануға, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды, сондай-ақ осындай мақсаттарға арналған жарамды ықтимал үй-жайларды анықтауға жәрдемдесу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қорғауға белсене қатысқан әр азамат Заңда көрсетілген тәртіпте марпатталады:
1) алғыс жариялау арқылы;
2) грамотамен марапаттау арқылы;
3) ақшалай сыйлықақы беру арқылы;
4) жергілікті өкілді және атқарушы органдар өз құзыреті шегінде айқындайтын өзге де шаралармен.
Қоғамның қауіпсіздігі Сіздің қолыңызда.

 



Кері қайту




Официальные сайты ГУ города Сарани



Құжаттарды тарату

Подписка на рассылку новостей, нормативно-правовых актов и решений Саранского городского Маслихата

Поиск по сайту



Ежедневные

 
 
   
   
 
2017 © Информационный портал Маслихата города Сарани
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Поддержка сайта: Интернет-компания Creatida
Crealog.kz HotLog