Қазақша Русский English
Бірінші бетте
Байланыс ақпараты
Сайт картасы

Сұрақ

6 шақырылым депутаттардың қызметіне көңіліңіз тоя ма?

  • иә, толығымен
  • шамамен
  • толық емес
  • қанағаттанбаймын
ПнВтСрЧтПтСбВс

Қала жаңалықтары

 

Қала жаңалықтары

07 Қазан 2018
Колледж ұстаздар мерекесін тойлады

Қазан айының бесінші жұдызында бір ғасырға жуық тарихы бар киелі қара шаңырақ-Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің ғимаратында дәстүрлі түрде қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін кәсіби мереке - Ұстаздар күні тойланды.
Оған аталған колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты. Бар күш – жігерін білімі мен бойындағы ізгі қасиеттерін шәкірт жолына арнап, терең де сапалы ілім алуына білім жолындағы қиын да күрделі белестерден сүрінбей өтуіне демеу беретін, қашан да шәкірт жанынан табылатын қымбат жан - Ұстаз. «Ұстаз болу - сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – жүректің батылдығы» дегендей, осы ұлы мамандықты табандылықпен игеру, алдындағы шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілік пен мейрімін төге білу әр мұғалімнің асыл міндеті, абыройлы борышы.
Колледжіміз жаңартылған білім мазмұнына біртіндеп көшуде. Білім берудің жаңа жүйесі жасалуда. Білім мазмұны, әдіс тәсілдері жаңаруда. Бәсекеге қабілетті шығармашылық бағытта ізденетін азамат тәрбиелеу арқылы ғана мемлекеттік мақсаттарға жете аламыз.
Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Ол үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Мерекелік бағдарламада колледж директоры В.А. Закамолкин бірінші сөз кезегін алып, колледж ұжымын айтулы мерекемен құттықтады. Өз құттықтауында колледж ұжымының ерен еңбектеріне сәттілік тіледі. Құттықтаудан кейін, оқу орнының біршама оқытушыларына колледж директорының құрмет грамоталары және алғыс хаттары табысталды. Мерекелік кеш барысында көгілдір экран арқылы колледж тарихында елеулі орын алған, қазіргі таңда еңбек етіп жатқан оқытушылары мен өмірден аттаған колледж ардагерлерін көрсетіп, еске алынды.
Салтанатты жиында колледж өнерпаздары, яғни колледж студенттері мен оқытушылары ән шырқап, би билеп, күйлер шертіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қошеметке бөленді.
Білім - құдіретті күш. Білім мен ғылым арқылы өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір болып саналатын ұстаздарымызды осы төл мерекелерімен құттықтай отырып, қоғамның дәстүрі мен құндылықтарын дәріптеуде асқан шеберлік, шыдамдылық тілейміз. Ізденімпаздық пен еңбектеріңіздің жемісін көруге тілектеспіз.



Кері қайту




Официальные сайты ГУ города Сарани



Құжаттарды тарату

Подписка на рассылку новостей, нормативно-правовых актов и решений Саранского городского Маслихата

Поиск по сайту



Ежедневные

 
 
   
   
 
2017 © Информационный портал Маслихата города Сарани
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Поддержка сайта: Интернет-компания Creatida
Crealog.kz HotLog