Қазақша Русский English
Бірінші бетте
Байланыс ақпараты
Сайт картасы

Сұрақ

6 шақырылым депутаттардың қызметіне көңіліңіз тоя ма?

  • иә, толығымен
  • шамамен
  • толық емес
  • қанағаттанбаймын
ПнВтСрЧтПтСбВс

Қала жаңалықтары

 

Қала жаңалықтары

09 Қазан 2018
Жер учаскелерін сату бойынша аукцион Саран қаласының Мәдениет Сарайында 2018 жылдың 30 қазанында сағатр 11:00 өтеді. Толығырақ ақпаратты Сіз келесі телефондар арқылы ала аласыздар: 8 (72137) 73924. Сауда-саттыққа қойылатын жер учаскелері

Жер учаскелерін сату бойынша аукцион Саран қаласының Мәдениет Сарайында 2018 жылдың 30 қазанында сағатр 11:00 өтеді. Толығырақ ақпаратты Сіз келесі телефондар арқылы ала аласыздар: 8 (72137) 73924. Сауда-саттыққа қойылатын жер учаскелері

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін тапсырылуға қажет:
1) аукционға қатысуға өтініш;
2) құжат, жеке куәлік (көшірме);
3) кепілді жарнаның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;
4) өкілеттілікті куәландыратын құжат.
Аукционға қатысуға өтініштер жазбаша түрде келесі мекенжай бойынша қабылданады: Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67, 111 кабинет, тел.: 8 (72137) 73924
Аукционға қатысушылардың өтініштері хабарламаның жарияланған күнінен аукционның басталатын уақыты 29 қазанның сағат 11:00 ге дейін жиырма төрт сағат қалғанша тіркеліп аяқталады, мерзім аяқталғаннан кейін оларды қабылдау және тіркеу қарастырылмайды.
Әр жер учаскесіне кепілдік жарна саудаға түсетін объектілердің ең төменгі бағасынан бес пайызды құрайды, алайда елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес. Сонымен бірге кепілдік жарна саудаға түсетін әрбір объектіге жеке жүргізіледі, «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ, ИИК KZ490705034632265001, БИК KKMFKZ2A, БИН 050240008269 депозиттік шотына жүргізіледі.
Қатысушылар кепілдік жарнаны кез-келген мөлшерде төлеуге құқылы, сонымен бірге бір кепілдік жарнамен тек бір жер учаскесін немесе жер учаскесіне жалдау құқығын сатып алуға құқығына ие.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна осы хабарландырудың жарияланған күнінен бастап жүргізіледі.
Кепілдік жарна сатушымен келесі жағдайда қайтарылмайды:
1) қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысудан бас тартқан жағдайда;
2) «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Ереженің 20 тармағында қарастырылған талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда;
Аукционда ұтқан жағдайда кепілдік жарна қатысушыны келесі талаптарды орындауға қамтамасыз етеді:
1) аукцион қорытындысы туралы протоколға қол қоюға;
2) аукцион қорытындысы туралы протоколға сәйкес, жер учаскесін сату құқығы бойынша конкурсқа қатысуға мәлімденген негізде сатып алу-сату шартын бекітуге;
3) сатып алу-сату шарты бойынша талаптарды орындау;
Кепілдік жарнаны қайтарып алу үшін келесі құжаттар қажет:
1) құжат, жеке куәлік (көшірме);
2) кепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;
3) банктен шоттың бар екенін тастайтын анықтама (мөрімен);
4) өкілеттілікті куәландыратын құжат.
Аукционды өткізу шарттары:
Сауда-саттықтың ағылшындық әдісі. Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамның өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бағасын осы қадамның жартысынан аспайтын шамаға дейін дөңгелектейді. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген аукциондық нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Объект бойынша сауда-саттыққа екі қатысушы болған жағдайда ғана өткізілді деп есептеледі.
Төлем формасы мен шарты: аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан күннен бастап бес банктық күннен кешіктірілмей, аукцион өту барысында бекітілген бағадан 50 % мөлшерінде жүргізіледі. Кепілдік жарна аванстық төлемге есепке алынады. Қалған төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан күннен 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей төленуі тиіс.
Жер учаскелерін сату шарттары: міндетті түрде нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуы, объектіні жоспарлау үшін сәулет-жобалау тапсырмасын алуы, сервитуттарды беру, жер салығын уақытында төлеу.
Жер учаскесіне ауыртпалықтар (жүктемелер): жер учаскесінде орналасқан инженерлік жүйелерге техникалық қызмет көрсету үшін және жаңаларды салу қажет болған жағдайда пайдаланушы қызметтердің жер учаскесіне кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі керек.



Кері қайту




Официальные сайты ГУ города Сарани



Құжаттарды тарату

Подписка на рассылку новостей, нормативно-правовых актов и решений Саранского городского Маслихата

Поиск по сайту



Ежедневные

 
 
   
   
 
2017 © Информационный портал Маслихата города Сарани
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Поддержка сайта: Интернет-компания Creatida
Crealog.kz HotLog