Қазақша Русский English
Бірінші бетте
Байланыс ақпараты
Сайт картасы

Сұрақ

6 шақырылым депутаттардың қызметіне көңіліңіз тоя ма?

  • иә, толығымен
  • шамамен
  • толық емес
  • қанағаттанбаймын
ПнВтСрЧтПтСбВс

Қала жаңалықтары

 

Қала жаңалықтары

04 Маусым 2018
Жас сарбаздар әскери ант қабылдады

2-ші маусымда 44 те 803 әскери бөлімінде әскери ант қабылдау рәсімі өткен болатын.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Әуе қорғаныс Күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал – майор С. Исмаилов, Саран қаласының әкімі Е. Темирханов, Саранқаласы әкімінің орынбасары Е. Оспанов, Саран қалалық маслихатының хатшысы Ө. Баймағанбетов, «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Ғ. Төртбаева, Саран қаласының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінің бастығы, капитан Ю. Кривоносов, «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының төрағасы Г. Сычева, БАҚ өкілдері мен жас сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Іс-шара басында бөлімнің жеке құрамы сап түзеп, қатардағы жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсіміне әзір екендігі туралы бөлім командиріне баяндама берілді. Музыкалық сүйемелдеумен әскери бөлімнің жауынгерлік туы ортаға әкелінген соң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтеріліп, әскери бөлімнің жеке құрамымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.
Содан кейін 44 те 803 әскери бөлімінің командирі, подполковник Д. Мустафин сөз сөйлеп, әскери ант қабылдаудың маңыздылығы туралы айтып өтті.
«Әскери қызметті және Отан алдындағы борышын атқару үшін ҚР Қарулы Күштерінің қатарына қызмет етуге шақырылған әрбір жас қатардағы жауынгер Отанға және Қазақстан Президентіне адал қызмет етемін деп Әскери ант қабылдайтын қалыптасқан ерекше әскери дәстүр бар. Осы ерекше әскери дәстүр әскери қызметшілерде патриотизм, Отанға, елге, жерге, Елбасына адал болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарғаны үшін мақтаныш сезімдерін тәрбиелеп, қалыптастырады.
Әскери салт-дәстүрлер әрқашанда жауынгерлік рухты, ағайындық бірлікті нығайтудың және жауынгерлер мен командирлердің мызғымас бірлігін қалыптастырудың және шынықтырудың сыннан өткен құралы болып табылады. Оларда жауға қарсы ұрыстарда Отан қорғаушылары көрсеткен батырлық, батылдық және ерлік айқын көрініс тапқан.», -деді 44 те 803 әскери бөлімінің командирі, подполковник Д. Мустафин.
Осыдан кейін саптың ортасына әскери бөлімнің жауынгерлік туы әкелініп, жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті.
Ант қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін аталған шараға қатысып отырған қонақтарға сөз беріліп, Қазақстан Республикасының Әуе қорғаныс Күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал – майор С. Исмаилов, Саран қаласының әкімі Е. Темирханов, Саран қалалық маслихатының хатшысы Ө. Баймағанбетов, Саран қаласының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінің бастығы, капитан Ю. Кривоносов, «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының төрағасы Г. Сычевалар әскер қатарына салтанатты түрде қабылданған жас сарбаздарды құттықтап, олардың азаматтық борыштарын абыроймен атқаруына тілек білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Бұдан бөлек мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер арасынан қатардағы жауынгер Т. Ильбаевқа және ата-аналар арасынан мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Жакеновтың әжесі А. Даулетбаева құттықтау сөздері беріліп, салтанатты рәсім сонымен тәмамдалды.
Әскери ант бұл адам өміріндегі әскери қызметтің алғашқы маңызды актілерінің бірі. Атамекенге қызмет етемін деп ант берген кешегі боз бала әскери қызметші қатарына қосылады.
Ант - бұл мемлекетке, өз елінің халқына адал болуға серт беру.
Ант - бұл іс-әрекетті сипаттау ғана емес, сонымен қатар өз ойын білдіруі, осы іс-әрекетімен айтушының мәртебесін және ол кіретін әлеуметтік байланыстар жүйесін өзгерту болып табылады.



Кері қайту




Официальные сайты ГУ города Сарани



Құжаттарды тарату

Подписка на рассылку новостей, нормативно-правовых актов и решений Саранского городского Маслихата

Поиск по сайту



Ежедневные

 
 
   
   
 
2017 © Информационный портал Маслихата города Сарани
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Поддержка сайта: Интернет-компания Creatida
Crealog.kz HotLog