Қазақша Русский English
Бірінші бетте
Байланыс ақпараты
Сайт картасы

Сұрақ

6 шақырылым депутаттардың қызметіне көңіліңіз тоя ма?

  • иә, толығымен
  • шамамен
  • толық емес
  • қанағаттанбаймын
ПнВтСрЧтПтСбВс

Новости

 

Новости

18.09.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2018 жылдың 17-19 қыркүйек күндері «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты республикалық семинар өткізуге Қарағанды облысына келген болатын.

            Шараның мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру, ұлттық болмысымызды бабалар тілімен жеткізу, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, рухани мәдениетімізді көтеру, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көше атаулары, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және т.б. мәселелер төңірегінде сөз қозғау, пікір алмасу.

            Жұмыс тобының құрамында белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, ғалымдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар.

            Аталған жұмыс тобы 18 қыркүйекте Саран шаһаранына ат басын бұрып, қалалық Мәдениет үйіне табан тіреді. Мақсат шаһар тұрғындарымен жүздесіп, мемлекеттік тіл саясаты төңірегінде халықпен пікір алмасу болды. Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КЕАҚ бас директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазы, «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КЕАҚ терминология және ономастика бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жапсарбай Қуанышов, облыстық Тілдер басқармасының басшысы Гүлнарайым Қаңтарбекова, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері, студен жастар, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

            Жиында қалалық мәслихаттың хашысы Ө. Баймағанбетов бірінші сөз кезегін алып, жиналған қауымға шараның мақсат, міндеттерін түсіндіре келе, Сарандықтарға алыстан ат терлетіп келген қонақтарды таныстырып өтті.

            Сөз кезегі жұмыс тобының құрамына берілді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дос Көшім, аталған орталықтың терминология және ономастика бөлімінің аға ғылыми қызметкері, тіл жанашыры Жапсарбай Қуанышев, «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КЕАҚ бас директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, латын қарпіне көшу мәселелері төңірегінде өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, семинарда Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы, нағыз рухани жаңғырған ел боламыз десек, алдымен мемлекеттік тіліміздің қоғамның талабына сай қолдану аясын кеңейтіп, мәдени қазынамызға айналуына тырысуымыз қажеттігі кеңінен айтылды.

Жұмыс тобы мүшелерінің айтуынша, біз әлі күнге дейін унитарлық бір мемлекеттік тілі бар мемлекетпіз бе, әлде қос тілді мемлекетпіз бе, соны ұғына алмай келеміз. Мемлекеттік тілге деген қажеттілік туғызбайынша, ана тіліміздің мәселесін шеше алмаймыз. Семинарда бүгінде елімізде екі тілді қауым пайда болғаны, бір шаңырақ астында тұрып жатқан өзге этностарды айтпағанда, үш миллион қазағымыздың өзі өз тілінде сөйлемейтіні туралы айтқан қадау-қадау сөздері толғантпай, көкейге ой салмай қоймайды. Шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, жастар қауымы да мемлекеттік тіл туралы заң қабылдап, жас ұрпақтың бойында ұлттық рухты қалыптастыруымыз үшін балаларға алдымен өз ана тілімізді үйретіп, балабақшада, мектепте үш тілде білім беруге мораторий жариялау қажеттігі туралы өз ойларымен бөлісіп, семинар соңы сұрақ-жауап форматына ұласты.

 

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ

Суретті түсірген Камила ОСПАНОВА

 



Кері қайту




Официальные сайты ГУ города Сарани



Құжаттарды тарату

Подписка на рассылку новостей, нормативно-правовых актов и решений Саранского городского Маслихата

Поиск по сайту



Ежедневные

 
 
   
   
 
2017 © Информационный портал Маслихата города Сарани
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Поддержка сайта: Интернет-компания Creatida
Crealog.kz HotLog