Қазақша Русский English
Бірінші бетте
Байланыс ақпараты
Сайт картасы

Сұрақ

6 шақырылым депутаттардың қызметіне көңіліңіз тоя ма?

  • иә, толығымен
  • шамамен
  • толық емес
  • қанағаттанбаймын
ПнВтСрЧтПтСбВс

Новости

 

Новости

22.12.2017

Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары, құқық тәртібі және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияда Саран қаласының көшелерін қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар қорытындылары туралы хаттама

Саран қаласы                                                             2017 жыл 20-желтоқсан
                                                                                                              сағат 11.00

Көпшілік тыңдаулар «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулысының 2-бөлімі 5-тармағына сәйкес тағайындалады және өтеді - Саран қаласы әкімінің Саран қаласының көшелерін қайта атау мәселесі бойынша өтініміне (2017 жылғы 13-қарашадағы № 18-1-10/1937) байланысты, тиісті аумақ халқының пікірі мәслихаттың тұрақты комиссияларының өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп, хаттамамен рәсімделеді.  

Көпшілік тыңдаулардың ұйымдастырушысы: азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары, құқық тәртібі және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия.
Көпшілік тыңдауларды өткізу туралы ресми жариялау: «Саран газеті» қалалық апталық газетінде 2017 жылғы 22-қарашадағы № 84 (965).

Көпшілік тыңдаулар өткізу күні: 2017 жылғы 20-желтоқсан.

Тіркелген қатысушылар саны: 174 адам.

Күн тәртібі
1. Саран қаласының көшелерін қайта атау:

1) Комсомольская көшесін Сарыарқа көшесіне
2) Октябрьская көшесін Бірлік көшесіне
3) Ленин проспектісін Астана проспектісіне.

Тыңдалды: «Саран қаласы тілдерді дамыту орталығы» кмм директоры -Шакенова Г. С., «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм басшысының м.а.- Феоктистова Л. Н., Саран қаласының Құрметті азаматтары- Блат И. В.,  Мироненко И. И., Саран қаласының тұрғындары: Ардатова Т. В., Сычева Г. Я., Коробов С., Алпысбаев А. К., Оманов О., Кейкин А, Жарылғапова Б. Ө., Аброев Б. А., Жұмасатұлы М.

Комсомольская көшесін Сарыарқа көшесіне қайта атау мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:
43 дауыс - «жақтады»;
26 дауыс – «қарсы»;
8 дауыс – «қалыс қалды».

Октябрьская көшесін Бірлік көшесіне қайта атау мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:
49 дауыс - «жақтады»;
34 дауыс – «қарсы»;
7 дауыс – «қалыс қалды».

Ленин проспектісін Астана проспектісіне қайта атау мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары көпшілік тыңдаулар барысында келесідей болды:
46 дауыс - «жақтады»;
65 дауыс – «қарсы»;
8 дауыс – «қалыс қалды».

Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары, құқық тәртібі және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдаулар қорытындылары бойынша ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Комсомольская көшесін Сарыарқа көшесіне қайта атау мәселесі қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.
2. Октябрьская көшесін Бірлік көшесіне қайта атау мәселесі қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен мақұлданды.
3. Ленин проспектісін Астана проспектісіне қайта атау мәселесі қатысып отырған тұрғындардың көпшілік дауысымен қарсы болды.
4. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының хаттамасы жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет- ресурстарына орналастырылып, қалалық «Саран газеті» газетінде  жариялансын.

 

Азаматтардың құқықтарын қорғау
Заңдылықтары, құқық тәртібі және
әлеуметтік саланы дамыту мәселелері
бойынша тұрақты комиссияның төрағасы                               Қ. Абзалиева



Кері қайту




Официальные сайты ГУ города Сарани



Құжаттарды тарату

Подписка на рассылку новостей, нормативно-правовых актов и решений Саранского городского Маслихата

Поиск по сайту



Ежедневные

 
 
   
   
 
2017 © Информационный портал Маслихата города Сарани
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Поддержка сайта: Интернет-компания Creatida
Crealog.kz HotLog