Қазақша Русский English
Бірінші бетте
Байланыс ақпараты
Сайт картасы

Сұрақ

6 шақырылым депутаттардың қызметіне көңіліңіз тоя ма?

  • иә, толығымен
  • шамамен
  • толық емес
  • қанағаттанбаймын
ПнВтСрЧтПтСбВс

Новости

 

Новости

16.10.2017

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» заңының 10-бабы, Саран қаласының әкімі Е. Темирхановтың 2017 жылғы 26-қыркүйектегі № 13-1-3/1680 хаты негізінде және депутаттардың ұсынысы бойынша ағымдағы жылдың 5-қазанында  қалалық мәслихаттың 17-кезектен тыс сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына Саран қаласының әкімі Е. Темирханов, әкімнің орынбасарлары, Ақтас кентінің әкімі, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңестің мүшесі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
Қалалық мәслихаттың 17-кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді: «Саран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22-желтоқсандағы 9-сессиясыеның «2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» № 97-шешіміне өзгертулер енгізу туралы», «Саран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22-желтоқсандағы 9-сессиясының «2017 жылға Саран қаласы әкімдігі жанынан құрылған үйлестіру кеңестерінің, қалалық  комиссиялардың, қалалық кеңестердің дербес құрамдарын бекіту туралы»101-шешіміне өзгертулер енгізу туралы»,  «Саран қаласы кәсіпкерлікті дамыту бойынша Кеңесінің құрамын бекіту туралы», «13 сайлау округінің депутаты Р. Т. Бекбановтың депутаттық  өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы», «Саран  қалалық  мәслихаты хатшысының  өкілеттігін уақытша жүктеу туралы», 18-кезекті сессияның күн тәртібі, төрағасы және редакциялау комиссиясының құрамы туралы.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі: «Саран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22-желтоқсандағы 9-сессиясыеның «2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» № 97-шешіміне өзгертулер енгізу туралы»  қала әкімінің орынбасары-Блок М. Е. сөз сөйледі. Қаралған мәселе бойынша шешім жобасы Саран қаласының Қоғамдық кеңесіне жіберілді, қажетті ұсынымдар алынды. Одан әрі сессия жұмысы күн тәртібіне сәйкес жүргізілді. Сессияның соңында 18-кезекті сессияның күн тәртібі бекітілді.
1. Саран қалалық мәслихаты хатшысының 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.
2. 2018 – 2020 жылдарға арналған қалалық бюджетті бекіту туралы.
3. Саран қаласы әкімдігі жанынан құрылған үйлестіру кеңестерінің, қалалық комиссиялардың, қалалық кеңестердің дербес құрамдарын бекіту туралы.
4. «Саран қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылға жұмыс жоспары туралы.
5. «Саран қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылға штаттық кестесі мен құрылымы туралы.
Сессияның жұмысын аяқтай келе, Саран қаласының әкімі – Е. Темирханов мәслихат депутаттарына, олардың қолдауы мен түсіністігіне, қаламыздың жетістігіне депутаттардың да үлесі барын білдіріп, рахметін айтты.



Кері қайту

  Все новости



Официальные сайты ГУ города Сарани



Құжаттарды тарату

Подписка на рассылку новостей, нормативно-правовых актов и решений Саранского городского Маслихата

Поиск по сайту



Ежедневные

 
 
   
   
 
2017 © Информационный портал Маслихата города Сарани
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Поддержка сайта: Интернет-компания Creatida
Crealog.kz HotLog