Қазақша Русский English
Бірінші бетте
Байланыс ақпараты
Сайт картасы

Сұрақ

6 шақырылым депутаттардың қызметіне көңіліңіз тоя ма?

  • иә, толығымен
  • шамамен
  • толық емес
  • қанағаттанбаймын
ПнВтСрЧтПтСбВс

Новости

 

Новости

13.10.2017

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» заңының 10-бабы негізінде сесссия төрағасының 2017 жылғы 19- қыркүйектегі № 171-шешімі бойынша қалалық мәслихаттың 16- кезекті сессиясы 2017 жылғы 28- қыркүйек күні болып өтті. Сессияға төрағалық еткен 8- сайлау округінің депутаты – Ахмадуллин Дамир Абрикович.
Сессия жұмысына Саран қаласының әкімі – Е. Темирханов, қала әкімінің орынбасарлары, Ақтас кентінің әкімі, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Ардагерлер кеңесінің, Қоғамдық кеңестің мүшелері, құқық қорғау, сот, прокуратура, БАҚ өкілдері қатысты.
Қалалық мәслихаттың  16-кезекті сессиясының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілген болатын: «Саран қаласы әкімінің қалалық мәслихаттың депутаттары алдындағы өзіне жүктелген міндеттері мен атқарылған жұмыстары туралы есебі»; «Ақтас кенті әкімінің қалалық мәслихаттың депутаттары алдындағы өзіне жүктелген міндеттері мен атқарылған жұмыстары туралы есебі»; «Саран  қаласы мен Ақтас кенті коммуналды шаруашылық обьектілерінің 2017-2018 жылдарға жылу  беру  мерзіміне  дайындығы туралы»; Коммуналды шаруашылықты, кәсіпорынды, кәсіпкерлікті дамыту, экология және жер қатынастары мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасының есебі; Қалалық мәслихаттың 17-кезекті сессиясының күн тәртібі туралы; Қалалық мәслихаттың 17-кезекті сессиясының төрағасы туралы; Қалалық мәслихаттың 17-кезекті сессиясының редакциялау комиссиясы туралы.
Күн тәртібінің барлық мәселелері 26-қыркүйек күні өткен тұрақты комиссиялардың отырысында  қаралған. Мәселелерді талқылау барысында  депутаттар өздерінің сұрақтарын қойды. Редакциялау комиссиясы шешім жобаларына ескертулерін, қосымшаларын енгізді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп берулерін жүргізу туралы» Жарлығы және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» заңы негізінде, Саран қаласы әкімінің мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген  міндеттері мен атқарылған жұмыстары туралы есебі  ұсынылды.
Одан әрі Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп берулерін жүргізу туралы» Жарлығы және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» заңы негізінде, «Ақтас кенті әкімінің қалалық мәслихаттың депутаттары алдындағы өзіне жүктелген міндеттері мен атқарылған жұмыстары туралы есебі ұсынылды.
Сессияға дайындық барысында, депутаттар өздерінің сайлау округтеріндегі жылумен қамтамасыз ететін обьектілерге барып, мәслихат хатшысының атына қазандықтардың жылу беру мерзіміне дайындықтары туралы ақпараттарын әр апта сайын беріп отырды. 20-қыркүйек күні тұрақты комиссиялар көшпелі жиылыстарын өткізді. Саран қаласы бойынша 4 қазандыққа, Ақтас кентінде 2 қазандыққа барып, тиісті қаулы шығарды.
Одан әрі бекітілген күн тәртібіне сәйкес сессия жұмысын жалғастырды.



Кері қайту

  Все новости



Официальные сайты ГУ города Сарани



Құжаттарды тарату

Подписка на рассылку новостей, нормативно-правовых актов и решений Саранского городского Маслихата

Поиск по сайту



Ежедневные

 
 
   
   
 
2017 © Информационный портал Маслихата города Сарани
При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Поддержка сайта: Интернет-компания Creatida
Crealog.kz HotLog