- Жаңалықтар
- ХАБАРЛАНДЫРУ
- Қазақстан республикасының рәміздері
- Нормативтік базасы
- Жалпы ақпарат
- Ресми хроника
- Мәслихат хатшысы
- Депутаттық қызмет
- Мәслихат комиссиялары
- Мәслихат аппараты
- Саран қаласының Құрметті азаматтары
- Сурет галереясы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер
- Сенім телефондары
- Өзіңнен баста
- Құқық бұзушылықты болдырмау
- Қоғамдық кенес
- Азаматтық бюджет
- БЖЗҚ
Қызметі
1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту;
2) тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жұнiндегi бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жұнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сәйкес ұзге де мәселелердi шешу;
3) қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптасқан әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынысы бойынша бекіту;
4) ұздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс және жергілікті қауымдастық ўйымының шекараларын айқындау мәселелерін шешу;
5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімияттың дербес құрамын келісу;
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ўсыныстар енгізу;
7) қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жұніндегі ұкілеттіктерді жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бұліністі дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасау;
10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен ұзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты ұзге де мәселелерді шешу;
11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікті азайту бағдарламаларын бекіту;
12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімият жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
12-1) әкімнің ұсынысы бойынша \"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы\" атағын беру;
13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының ұзге де заң актілерінде белгіленген басқа да ұкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.