- Жаңалықтар
- ХАБАРЛАНДЫРУ
- Қазақстан республикасының рәміздері
- Нормативтік базасы
- Жалпы ақпарат
- Ресми хроника
- Мәслихат хатшысы
- Депутаттық қызмет
- Мәслихат комиссиялары
- Мәслихат аппараты
- Саран қаласының Құрметті азаматтары
- Сурет галереясы
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер
- Сенім телефондары
- Өзіңнен баста
- Құқық бұзушылықты болдырмау
- Қоғамдық кенес
- Азаматтық бюджет
- БЖЗҚ
Жалпы ақпарат
Депутат құқылы:
1.Мәслихат сессиясында төрағалық етуге, мәслихат хатшысы болуға, тексеру комиссиясының төрағасы болуға, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болуға және басқа да мәслихат органына сайлануына және сайлауға;
2.Мәслихат сессиясында және оның тұрақты комиссиясында, басқа да мәслихат органдарында өзінің ұсынған мәселесін қарауға, шешім қабылдауға қатысуына;
3.Өз округінің сайлаушыларымен, сондай ақ жергілікті өзін өзі басқару органдарымен, ұйымдармен кездесуіне және жналыс өткізуіне;
4.Мәслихат құзырлығына қатысты, тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларының есептерін тыңдау туралы ұсынысын білдіруге;
5.Тиісті әкімдіктің отырыстарына қатысуына;
6.Мәслихаттың және оның органдары отырыстарының стеннограммаларымен, хаттамаларымен танысуына;
7.Депутаттық топтар, фракциялар түріндегі бірлестіктер құруына;
8.Мәслихат регламентімен, заңдарда көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыруына;
Депутат міндетті:
1.Өзі сайланған мәслихаттың және оның органының жұмысына қатысуына;
2.Өз округі бойынша сайлаушылармен үнемі байланыста болуға, мәслихат жұмысы туралы, тұрақты комиссиялардың және басқа да органдарының қызметі жайында, мәслихат шешімдерінің орындалуы жайында мәлімет беріп отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау жүргізуге қатысуына;
3.Сайлаушылардан келіп түскен өтінімдерді қарауға, азаматтармен жеке қабылдау жүргізуге;
4.Сайлау округінде жұмыс жүргізуге:
4.1.Сайлаушылардың өтініштерін, шағымдарын, ұсыныстарын қарауға және олардың конституциялық құқықтарының , бостандықтары мен міндеттерінің қорғалуына ықпал етуге;
4.2.Мәслихаттың және басқа аймақтық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың шешімдері бойынша азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің қоғамдық пікірлеріне талдау жүргрізіп, мәслихатқа хабарлауы керек;
4.3.Әртүрлі санаттағы азаматтардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне талдау жүргізуге (аз қамтылған, жалғызілікті азаматтардың, мүгедектердің, соғыс, еңбек ардагерлерінің, кәсіпкерлердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің);
4.4.Тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті ұсыныстар енгізуге;
4.5.Сайлау округінде жұмыс қортындысы бойынша депутаттың мемлекеттік және қоғамдық органдарға, лауазымдық тұлғаларға өтінім қажеттілігіне қарай , сайлау округінде туындаған жағдай туралы ақпарат алуға;
4.6. Мәслихат сессиясымен қабылданған шешімдердің іске асырылуын қамтамасыз етуге қатысу.
Мәслихаттың әрбір депутатына:
Құқығын, ар- абыройын қорғауға кепілдігі бар. Мәслихат депутаты депутаттық қызметі бойынша тиісті мәслихат аймағында орналасқан мемлекеттік, қызметі мемлекеттік құпиямен байланысты ұйымнан басқа органдарға, ұйымдарға еш кедергісіз баруына болады. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік ұйымдардың басшылары және басқа лауазымды тұлғалары мәслихат депутаттарын кедергісіз қабылдауға және өзіне жүктелген өкілеттіліктерді жүзеге асыруда қажетті ықпал етуге міндетті